АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаңтар-мамыр аралығында сыртқы сауда айналымы 48265,2 млн. АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде таратылған мәліметтерден белгілі болды.
Сонымен қатар 2010 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға өсті. Оның ішінде экспорт - 34906,7 млн. АҚШ долларын, импорт - 13358,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.