АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Болжамды бағалаулар бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында Қазақстандағы жалпы ішкі өнім өсімі 5 пайызды құрады және осы жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 0,5 пайыз өсім көрсетті.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Өсімнің жоспарланған кестесіне сәйкес біз 6 айдың қорытындысы бойынша толықтай алғанда жалпы ішкі өнім өсімі 5 пайызды және жыл қорытындысында ауыл шаруашылығы мен шикізат секторындағы өндірудің жоспарлы көлемінің жетістіктерінің төменгі базасын ескеріп, 6 пайыз болады деп болжап отырмыз»,-деді министр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.