«2014 жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 284,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар - 7 761,8 мың адамды (44,9%). 2014 жылғы қаңтар-маусымда жалпы елімізде халық саны 124,1 мың адамға немесе 0,7 пайызға өсті, 2013 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 256,3 мың адамға немесе 1,5 пайызға артты», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 193,3 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,7 мың адамға немесе 2,5 пайызға артқан.
Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,9 мың адамды құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 3,5 мың адамға немесе 5 пайызға азайған.