Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 028,6 мың адамды құрады, оның 9 350,8 мыңы (54,9%) - қалалықтар, ал 7677,8 мыңы (45,1%) ауылдықтар. 2013 жылдың қаңтар-маусымда елімізде халық саны 118,8 мың адамға немесе 0,7 пайызға, ал өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 234,7 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті.
2013 жылдың қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 118,2 (2012 жылдың қаңтар-маусымда 114,9 мың адам) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14 (13,8) адамға тең.