«Болжамды бағалауға сәйкес қысқа мерзімді экономикалық индикаторды қоса алғанда алты айдың қорытындысындағы ЖІӨ 3,9 пайызға өсім көрсететіндігін болжауға болады», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Агенттік төрағасының айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 2,5 пайызды құрады. Осы аралықтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 9203 млрд. теңгеге жетті. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлер қазуда өндіріс көлемі 0,6, өңдеу өнеркәсібінде 0,3 пайызға кеміді.