Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс. Қалай болып еді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Телерадиокешені Қаңтар оқиғасының үш жылдығына арналған деректі фильм түсірді. Фильм мемлекеттік төңкеріс әрекетінің хронологиясын баяндайды және «Үш жылда Қазақстан қоғамы қалай өзгерді?» деген басты сұраққа жауап береді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.
Қаңтар ұйымдастырушылары қатты қателесті. Олар билікті басып алуды жоспарлады, бірақ шендері мен атақтарына қарамастан темір торға жабылды. Олар реформалардың кері кетуін ойлады, алайда Қазақстандағы өзгерістер тек қарқын алды.
Деректі фильмде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушыларының жоспарлары мен схемаларының қалай дайындалғаны, арандатушылар, үйлестірушілер және жауынгерлердің қалай әзірленгені, қару-жарақ, көлік және байланыс құралдарының қалай сатып алынғаны күні мен сағатына дейін егжей-тегжейлі көрсетіледі. Барлық жағдайлар мен фактілер, құжаттар, фото және бейнематериалдар, куәгерлердің мәліметтері мұқият зерттеліп, талданған.
Мемлекеттің дағдарысты оқшаулау мен жою, елдегі заң мен тәртіпті қалпына келтіру бойынша шұғыл қабылданған шаралары көрсетіледі.
Ең бастысы, Қазақстан Президенті одан әрі батыл реформаларды жүзеге асыру үшін халықтың қолдауын алды, бұл төңкеріс ұйымдастырушыларына ұнамады. Деректі фильмде Қазақстанның ауқымды трансформациясының негізгі кезеңдері хронологиялық тәртіппен көрсетілген.
Деректі фильм бүгін Jibek Joly телеарнасында сағат 19:05-те көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаңтар оқиға қалай өрбігенін және «Дикий Арман» ісін тергеу қай кезеңде тұрғанын жазған болатынбыз.