Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5,6 пайыз болды.
Атап айтқанда, агенттік мәліметтері бойынша, ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі - 39,9, қызмет көрсету - 55 пайызды құрады.