Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-наурызда 2018 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.
Осы жылдың үш айында мұнай, газ конденсатын қоса алғанда 23 млн, мыс кендері 27,3 млн, ұн 1 млн, бензин 0,9 млн, дизель отыны 1,1 млн, портландцемент 1,5 млн, жазық илек 0,4 млн, тазартылған мыс 0,1 млн тонна, электр энергиясы 28,1 млрд кВт. сағат өндірілді.