ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, осы жылдың үш айында Қазақстанда 204 238 жеңіл автомобиль есепке қойылды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға аз. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлікті құрады.
«2022 жылғы бірінші тоқсанда 2 600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8 пайызға азайды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21 370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған», - деп атап өтеді бюродан.