деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
«2011 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелердің саны 9760-ты құрады және өткен аймен салыстырғанда 8,8 пайызға артты. 2011 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті», - делінген ведомство ақпаратында.