Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында ұрланған қаруларды тәркілеу жалғасуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды тәркілеу жалғасуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында Құқық қорғау органдары қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алуды жалғастыруда.

Соңғы дерек Талғар ауданында тіркелді. Онда 12 наурызда Арқабай – Панфилов автожолының жанынан атыс қарулары бар құпия орын анықталды. Полиция қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп «Fair» маркалы 2 екі ұңғылы аңшылық мылтықты, 12 калибрлі, 1 пневматикалық мылтықты, нөмірсіз «Ruger» маркасын, жарық-дыбыс гранатасын және әртүрлі калибрлі 27 патронды тәркіледі.

«Арнайы деректер базасы бойынша тексеру кезінде табылған мылтықтардың бір бөлігі 5 қаңтарда Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған деп есептелді. Факті бойынша қылмыстық тергеу басталды», - деп хабарлады Талғар ауданының Полиция бөлімінде.

Сондай-ақ 12 наурызда Қарасай ауданында полиция қызметкерлері Кемертоған ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Оның «Мерседес бенс» автокөлігінің салонында тәртіп сақшылары 7,62 мм калибрлі «Симонов» карабинін зауыттық нөмірлерсіз тапты. Ер адам қаруды үш ай бұрын белгісіз адамнан сатып алғанын айтты. Күдікті қамауға алынды. Атыс қаруын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.