АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы қолға түсті.
Оны Алматы қаласының әуежайында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жасалған қылмыстарды тергеумен айналысатын Көліктегі полиция департаментінің жедел тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу нәтижесінде анықтады.
«Күдіктінің 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуеажайына қарулы шабуыл жасағандығы белгілі болды. Содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына барып, ғимаратты таңғы сағат 6-ға дейін қоршауда ұстауға қатысқан», деді полиция генерал-майоры.
Бұдан соң ол ұрланған қаруды белгісіз біреуге сатып жіберген.
«Қазір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде», деді О.Бекеев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).