«Шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған. Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс, жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Бас прокурордың айтуынша, қаза тапқандар ішінде 67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер; 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар; 4 адам басқа да қылмыстар жасау кезінде мерт болған.
«Жалпы, Алматы қаласында 151 адам қаза болды. Олардың көбі – Президент Резиденциясын шабуылдау кезінде қаза тапқан. Адам өлімі тағы Қызылорда (26), Шымкент (20) және Тараз қалаларында (17) орын алды», - деді Берік Асылов.
Фото: ABDUAZIZ MADYAROV/AFP