Қаңтар-сәуір аралығында елімізде 221736 жеңіл автомобиль тіркелген
22:14, 13 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 221736 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1 пайызға кем.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жеңіл автомобильдердің барлық саны 5 млн. 897,9 мың бірлікті құрады. Соның ішінде тіркеуден шығарылған - 2 млн. 041,9 мың бірлік, тіркелгендер - 3 млн. 856,0 мың бірлік.
«Қаңтар-сәуір аралығында елімізде 221736 жеңіл автомобиль тіркелген. Оның ішінде 210 мың 158 бірлік жеке тұлғалармен, 11 мың 578 бірлік заңды тұлғалармен тіркелген.
2016 жылғы қаңтар-сәуірдегі тіркелген жеңіл автомобильдердің саны бойынша ең үлкен көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі - 32 мың 668 бірлік, Алматы облысы - 29 мың 363 бірлік, Алматы қаласы - 26 мың 654 бірлікті құрап отыр.