Оның ішінде қалалықтар - 9164,6 мың (54,7 пайыз), ауылдықтар - 7592,4 мың адам (45,3 пайыз) құрады. Сөйтіп, 2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 81,6 мың адамға өсіп, 2011 жылдың осы кезеңдегі өсімнен (76,6 мың адам) 6,5 пайызға көбейді.
Агенттік дерегіне сүйнсек, 2012 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 77,1 мың адамды құрады (2011ж. қаңтар-сәуірде - 71,4). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа 13,9 (13,1) адамды құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында 126,4 мың (122,9 мың) туылғандар тіркелді. Бұл 2011 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,8 пайызға артық көрсеткіш. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,8 (22,6) туғандарды құрады.
Сонымен қатар, елімізде ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында қайтыс болғандар саны 49,3 мың (51,4 мың) адамды құрады. Бұл 2011 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 4,1 пайызға аз. 2012 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1801 нәресте шетінегені тіркелді (2011ж. қаңтар-сәуірде - 1942). 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,3 пайызға азайды.
Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдарымен тіркелген некелер саны 8,2 пайызға өсіп, 46,2 мың (2011ж ылы қаңтар-сәуірде - 42,7 мың) құрады. Некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (7,9) құрады. Ажырасулар саны да 9,4 пайызға өсіп, 15,1 (13,8) мың құрады, ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 2,7 (2,5) құрады.
2012 жылғы қаңтар-сәуірде былтырмен салыстырғанда сыртқы көші-қон бойынша Қазақстанға келгендер саны 243 адамға, немесе 2,0 пайызға азайды. Керісінше, Қазақстаннан кеткендер саны 409 адамға, немесе 6,1 пайызға көбейіп, 7117 адам құраған.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендер саны 9733 адам (83,7 пайыз) құраса, ал сол елдерге кеткендер 6727 адамға (94,5 пайыз) тең болған. 2012 жылғы қаңтар-сәуірде ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны былтырмен салыстырғанда саны 4548 адамға немесе 3,9 пайызға азайды.