Қаңтар-сәуірде 127,7 мың сәби дүние есігін ашты - Статистика

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар-сәуірінде 127,7 мың сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, 2013 жылғы қаңтар-cәуірде АХАТ органдарында 127,7 (126,5) мың туылғандар тіркелді. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға артық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,8 (22,8) туғандарды құрайды.
Сонымен қатар, агенттік басшысының сөзіне қарағанда, елімізде ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде өлгендер саны 48,4 (49,3) мың адамды құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,8 пайызға кеміді. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 8,7 (8,9) өлгендерді құрайды.