Қаңтар-сәуірде 47 мың жұп шаңырақ көтерді - Статистика

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-сәуірде 47 мың жұп шаңырақ көтерді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2013 жылғы қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында 47 (46,2) мың неке тіркелді. Олардың саны 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға артты.

Некенің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,4 (8,3) құрайды. 16,5 мың (15,1) жұп ажырасты. Олардың саны да 9,3 пайызға өсіп отыр. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,9 (2,7) құрайды.