Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге - 14,4, жаңадан жиналған жемістерге - 9,8, картопқа - 7,2, мәйекті ірімшікке - 5, консервіленген сүтке - 4,6, кофеге - 3,5, сары майға - 3,4, қышқыл сүт өнімдеріне - 3,3, жаңа сауылған сүтке - 2,8, сүзбеге, сиыр етіне, жылқы етіне, ет өнімдеріне - 2,5, шұжықтарға - 2,3, жеміс және көкөніс шырындарына - 2,2, салқындатылған сусындарға 1,6 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 15,9, қара шайға - 1,8, құс етіне - 1,4, жұмыртқаға 1,1 пайызға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге - 2,9, автомобильдерге - 2,8, жеке қолданатын тауарларға - 2,1, тұрмыстық аспаптарға - 1,9, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 1,8, киім және аяқ киімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,7, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 1,6, тоқыма бұйымдарына - 1,5, кітаптарға 1,3 пайыз болды. Дизель отыны - 2,5, баллондағы сұйытылған газ - 1,7, бензин - 1, тас көмір 0,7 пайызға қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, жеке көлiк құралдарын сақтандыруға - 6, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне - 3,2, денсаулық сақтауға - 2,9, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 2,5, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,1 пайызға өсті. Қалаішілік автобуспен жол жүру ақысы - 3,1, қалааралық автобус, жолаушылардың темір жол көлігімен жүруінің бағасы 2,8 пайыз қымбаттаса, ал әуе көлігімен қатынау 2,2 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына - 3,6, орталықтан жылытуға, ыстық суға - 3,5, қоқыс шығаруға - 3, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 2,2, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,9, суық суға - 0,9, кәрізге 0,8 пайызға жоғарылады.