Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, 2011 жылғы сыртқы сауданың ішінде экспорт - 26929,3 млн. АҚШ долларын (47,3 пайыздық өсім), импорт - 9651,9 млн. АҚШ долларын құраған (26 пайыздық өсім). Бұдан бөлек, 2011 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1381,5 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 6,0 пайызға артық. Ал тіркелген заңды тұлғалар саны 2011 жылғы 1 маусымда 292357 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6 пайызға азайған. Бұл негізінен салық органдары заңды тұлғаларды мәжбірлеп таратуына байланысты рпын алған көрсеткіш.
«Сәйкесінше өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тіркелген шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны- 4,8 пайызға азайып, 210235 бірлікті құрады. Белсенді заңды тұлғалар саны дәл осы кезеңге -3,6 пайызға өсті, ал белсенді шағын бизнес субъектілері (заңды тұлғалар) - 7,5 пайызға артып, сәйкесінше 117813 және 68541 бірлікті құрады. Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы мамырда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,8 пайызды құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларына бағалар 7,8 пайыз, азық-түлік емес тауарлар - 1,8 пайызға, ақылы қызметтер көрсетуге - 3,9 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы мамырда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,9 пайызға өсті», - делінген агенттіктің таратқан баспасөз айғағында.