Қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 42 559 құрады

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 42 559 құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

2011 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 896 құрап, өткен аймен салыстырғанда 32,1 пайызға өсті. 2011 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы қаңтар-сәуір кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артты.