Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 1,4 пайызға төмен. Осы жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі 3231 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 1,5 пайызға азайды.
Атап айтқанда, нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. Биылғы аталған кезеңде одан 1915 нәресте өлген. Туа біткен ауытқулардан шетінегендер саны - 624, тыныс органдары ауруларынан - 222 және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан көз жұмғандардың саны 130-ды құрады.