Қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 трлн. 337 млрд. теңгені құрады - Ә.Смайылов

ТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Өткен жеті айдың қорытындысы бойынша республикада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 триллион 337 миллиард теңгені құрады.

ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық.

Сондай-ақ ведомство төрағасы атап көрсеткендей, биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде қысқа мерзімді экономикалық индикатор былтырғы жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 8 триллион 943 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылға қарағанда 4,8 пайызға өсті. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде өрлеу қарқыны 102,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 8,1 пайызға өскені байқалды.

Сонымен қатар, аталған кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 568,5 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық. Жүк айналымының көлемі 231,6 млрд. тонна/шақырымды құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 15 пайызға өсті. Бөлшек сауда көлемі 1928,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 12,4 пайызға артық. Ал көтерме сауда көлемі өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 15,3 пайызға өсіп, 5153,1 млрд. теңгеге жетті.