«2011 жылғы қаңтар-шілдеде 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ, шикі мұнай және металл кендерін өндіру артты. Тамақ өнімдерінің, темекі бұйымдарының, құрылыс материалдарының, машина жасау өнімдерінің, химия және металлургия өнеркәсібінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды. Төмендеуі Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында тіркелді», - делінген ведомство хабарламасында.
17:56, 10 Тамыз 2011
Қаңтар-шілдеде өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрады. Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.