Қаңтар-тамызда ІЖӨ өсімі 5,6 пайызды құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА.  14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-тамызда ішкі жалпы өнім өсімі 5,6 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Болжамдық есептеулер бойынша қаңтар-тамызда ІЖӨ көлемі 5,6 пайызға өсті»,-деп атап өтті агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, өнеркәсіп саласындағы өсім қарқыны кейбір себептермен тежелді. Дегенмен, құрылыс саласында өсу қарқыны байқалды. «Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында индекс біршама өсті. Бұл өз кезегінде тамызда егін орағы былтырғыға қарағанда ерте жинала бастауымен байланысты. Сондықтанда егін орағының елеулі көлемі тамыз айына тиесілі, осыған орай индекс біршама өсіп отыр»,-деді Ә. Смайылов.

Агентттік төрағасының сөзінше, кейінгі айларда индекс төмендеуі мүмкін. Себебі биыл құрғақшылық салдарынан астық көлемі өткен жылға қарағанда төмен.