Қаңтарда ауа райы қандай болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республикамыздың басым бөлігінде Сібір антициклоны ықпал етіп, түнде және таңертең тұман түсіп, орташа аязды ауа райы күтіледі.

Елдің солтүстігі мен орталығында түнде 20-25 градусқа, шығыс жерлерде 30 градусқа дейін аяз, күндіз 15-20, шығыс жерлерінде 25 °C аяз болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындары тұрақсыз болады. Жауын-шашын, тұман және көктайғақ, түнде ауа температурасы 3-13, ал күндіз 0-5 градусқа төмендеуі болжанады

Ұзақ мерзімді болжауға сәйкес, ауаның температурасы төмендегенде, ауыз су температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі.

Жалпы, қаңтардағы ауа температурасы климаттық мәндер бойынша болады, тек елдің батысында нормалардан 1 °C жоғары болады деп күтілуде.

Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай мен Қарағанды қалаларының солтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктері аудандарында айына жауын-шашынның мөлшері қалыпты болады.