Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2011 жылғы қаңтарда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда баға жармаға 55,2, жемістер мен көкөністерге - 28,2, май және тоң майға - 20,6, қантқа - 12,6, кофе, шай және какаоға - 11,4, сүт өнімдеріне - 8,8, кондитерлік өнімдерге - 8,3, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,6, жұмыртқаға - 5,9, алкогольді ішімдіктерге - 4,1, ұнға - 3,6, нанға - 1,9, макарон өнімдеріне - 1,3 пайызға өскен.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 15 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 15,4, құс етіне - 10,6, шұжық өнімдеріне - 10,2, шошқа етіне - 7,8, жылқы етіне - 7,5 пайызға жоғарылады.