Қаңтарда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтарда инфляция 0,3% құрады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, көтерме саудадағы баға бір ай ішінде 0,1 пайызға, ауыл шаруашылығында - 0,2 пайызға, құрылыста  0,3 пайызға өсті. Ал өнеркәсіпте 1 пайызға төмендеді.

Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтерге тарифтер 0,1 пайызға жоғарылады, сондай-ақ заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне  0,2 пайызға төмендеді.