«Атап айтқанда, 2013 жылғы қаңтарда инфляция 0,9 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығында баға бір ай ішінде 1,5 пайызға, құрылыста - 0,6 пайызға, көтерме саудада 0,2 пайызға өсті. Ал өнеркәсіпте баға 0,3 пайызға төмендеді. Тарифтер жүк көлігімен тасымалдауға 1,8 пайызға жоғарыласа, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне - 0,1 пайызға төмендеген», - делінген баспасөз хабарламасында.
17:40, 08 Ақпан 2013
Қаңтарда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтарда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.