Қаңтарда экспортталатын тауарлар 0,5 пайызға қымбаттап, импортталатын тауарлар 1,7 пайызға арзандады - Статистика

None
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,5 пайызға жоғарылап, импортталатын тауарларға 1,7 пайызға төмендеді, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінен.

Экспорттық жеткізілімдерге бір айға бағаның қорғасынға - 8,8 %, алюминийге - 6,7 %, мырышқа - 4,4 %, мысқа - 3,4 %-ға жоғарылауы, олардың газ конденсатына - 11,6 %, хром кендеріне - 7,8 %, мұнай өнімдеріне - 7,5 %, мұнайға - 3 %-ға төмендеуі белгіленді. Баға мақтаға - 2,6 %, жүнге - 0,7 %-ға жоғары, темекіге - 6,3 %, бидайға - 1 %-ға төмен болды.

Импорттық түсімдерден какао - 6,4 %, көкөністер - 4,9 %, аяқкиім - 4,7 %, макарон өнімдері - 2,6 %, сүрек - 1 %, өсімдік майы - 0,9 %-ға арзандады. Шұжық өнімдері - 2,7 %, күріш - 2,3 %, балық - 1,9 %-ға, сүт өнімдері мен шай - 1 %-дан қымбаттады.