Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жұмыстан шығып қалған еңбеккерлердің арасында өз ықтиярымен босағандар 77,7 пайызды, персонал санының қысқаруына байланысты босатылғандар - 3,3 пайызды, басқа себептермен жұмыстан кеткендер 19 пайызды құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмысқа қабылдану мен босау айналымының коэффициенті 2,4% пайызды, жұмыс күшінің тұрақтылық коэффициенті 1,9 пайызды құрады.