Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында еліміздің АХАТ органдарында 36,2 мың туу тіркелген, бұл өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Жалпы туу коэфициенті мың адамға шаққанда 25 тууды құрайды.
Сонымен қатар агенттік басшысының сөзіне қарағанда, 2013 жылдың қаңтарында елімізде 14,1 мың адам өмірден озған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға көп.