«Осы жылдың қаңтарында сыртқы сауда тауар айналымы 63 пайызға өсіп, 8,8 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 86 пайызға өсіп, 6,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті», - деді Әлібек Қуантыров.
Бұл ретте министр өңделген тауарлар экспорты 56 пайызға артып, 1,7 млрд АҚШ долларына дейін жетіп отырғанын айтты.
«Тауарлар импорты 2,8 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді ол.