Қаңтарда Қарағанды облысы медсақтандыру қорына 1,7 млрд теңге қаржы аударды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысының медициналық сақтандыру қорына 1,7 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Жылдың алғашқы айында өңірдің жұмыс берушілері бір миллиард теңгеге жуық қаражат аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз жұмыскерлерінің жарналары мен аударымдарынан басқа, кәсіпорындар мен ұйымдар уақытылы төлемегені үшін 2 млн теңге өсімпұл салды.

Медициналық сақтандыру қорына БЖТ төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған облыс тұрғындары 11 млн-нан астам қаражат аударды. Қалған сома - бұл жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналары мен аударымдары.

«2020 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін жарналардан босатылған ШОБ-тың 29 санаты үшін жеңілдікті кезең аяқталғанын еске саламыз. 2021 жылдың қаңтарынан бастап олар өз қызметкерлері үшін аударымдарды қайта бастауы керек. Жеңілдетілген кезеңде қызметкерлерде медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешек болмауы үшін осыған дейін олар қызметкерлердің деректерін msb.fms сайтындағы қор базасына енгізуі керек еді», - деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.