«Өткен айда бағаның өсуі жаңадан жиналған көкөністерге 8,2%, жұмыртқаға - 4,3%, жаңадан жиналған жемістерге - 3,7%-ға, нанға, қантқа - 3,2%, картопқа, қара шайға - 2,8%-дан, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 2,6%, сүзбеге - 2,2%-ға, жармаларға, күнбағыс майына - 2,1%-дан, мәйекті ірімшікке - 2%, құс етіне - 1,9%, өсімдік-сары майға - 1,8%, консервіленген сүтке - 1,7%, макарон өнімдеріне - 1,3%, кондитерлік өнімдерге - 1,2%, тоқаш және ұннан дайындалған өнімдерге - 1,1%-ға тіркелді», -делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 4%, тұрмыстық аспаптарға - 2%, тоқыма бұйымдарына, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 1,9%-дан, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға - 1,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге - 1,2%-дан, жеке қолданатын тауарларға - 1%, киім және аяқ киімге - 0,7% құрады.
Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігіне жол жүру ақысы 4,9%, мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне - 3,2%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру ақысы - 1,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 1,4%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 3,4%, суық суға - 2,5%, кәрізге - 2,2%, электр энергиясына - 1,3%, орталықтан жылытуға - 1,1%-ға жоғарылады.