Мәліметтерге қарағанда, 2016 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 270,5 млрд. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым болып, бұл бөлшек сауданың жалпы көлеміне 67 пайызға тең болған. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 7,8 пайызға, азық-түлік тауарлар - 5,5 пайызға төмендеген.
«2016 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 345,2 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері - 77 күн. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес 2016 жылы қаңтарда Алматы қаласы (31,2 пайыз), Астана қаласы (11,1 пайыз) және Қарағанды қаласына (9,1 пайыз) тиесілі болды», - делінген баспасөз баянында.