«Kia Sportage моделі бойынша жаңа өндіріс желісін іске қосқанбыз. Қаңтар айында ашылады және өсім болады деп ойлаймын. Hyundai бойынша келіссөз жүріп жатыр. Қазір олар үлкен инвестициялық бағдараламаны іске қосты. Келесі жылы қытайлық әріптестерімен бірге 3 зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша мұнда да жаңа модельдер келеді», - деді министр.
11:37, 14 Желтоқсан 2022
Қаңтарда Kia Sportage құрастыратын жаңа желі жұмысын бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Келер жылдың басында Kia Sportage моделін құрастыратын жаңа өндіріс желісі ресми түрде ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.