Қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 644 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 644 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті», - делінген ведомство ақпаратында.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,7, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,4, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 8,4, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,8 пайызды құрады.