Қаңтарда облигациялық заемдарды тарту арқылы 1 миллион тонна астық сатып алынады - С.Құламбаев
Оның айтуынша, бұл астықтың соңғы сатып алынуы емес, қаңтар айында облигациялық заемдарды тарту арқылы тағы да 1 миллион тонна астық алынатын болады.
«Астық қабылданатын бекеттерде шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдері толығымен қабылданып болды. Элеваторларға жинаған астықтарын жеткізуге шешім қабылдамаған кәсіпорындардың астықтары ғана қалды. Тек біздің корпорацияның сатып алу көлемін ұлғайтып, астықты сатып алатындығына сенбегендер қалып отыр», деді өз сөзінде басқарма төрағасының орынбасары.
С.Құламбаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта барлық шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініші қанағаттандырылған. Сонымен қатар алдағы уақытта олардың астықтары элеваторға түскен жағдайда бірінші кезекте қабылданатын болады.