М.-ға қатысты әкімшілік істі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
«Іс материалдарынан осы жылдың 8 қарашасында Айдос Меделханұлы Facebook-тегі парақшасында видеоүндеу жариялағаны белгілі болды. 21 қазан күні оған көршісі шабуылдаған. Ол бұл жөнінде полицияға арыз жазғанын, бірақ полиция шағымын қарамай, іс қозғамағанын айтады», – деп хабарлады соттан.
Сот А. Меделханұлы полицияға қандай да бір арыз жазбағанын және жүгінбегенін анықтады. Осылайша, ол әлеуметтік желіде жалған ақпарат жариялаған.
Айдос Меделханұлы өз кінәсін мойындамады.
«Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2 бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды», – деп атап өтті соттың баспасөз қызметінен.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.