«Менің көзімше болған бір жағдайды айтайын. Алматыда және өңірлерде осындай жағдай болып жатқан кезде мен Президенттің кабинетінде болдым. Сол кезде Президенттің күзет қызметкері кіріп келіп, айтты: «Президент мырза, Ақордаға шабуыл жасалуы мүмкін, сізді басқа қауіпсіз жерге көшіруіміз керек», - деп. Сол кезде мен Президентті басқа қырынан көрдім. Ол тұрып, қатты айтты: «Мен ешқайда бармаймын. Не болса да, осы жерде көремін», - деді. Тура осыдан артық сөз айтқан жоқ. Қатты айтты да, күзет қызметін қоя берді. Сол кезде мен Президенттің батылдығын да, мінезін де көрдім», - деді Ерлан Қошанов.
Қоса кетсек, сұхбат аясында Мәжіліс спикері Президент сайлауының не себепті күзге белгіленгенін мәлімдеп еді. Оның айтуынша, бұл - осы кезге дейін қабылданған саяси реформалады орындайтын және саяси институттардың жаңаша жұмыс істейтін кезеңнін бастауы болмақ.
Видеодан алынған кадр