АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде 2024 жылғы 28 мамырда Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталған.
ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.