20:53, 27 Қаңтар 2025
Қаңтардағы ҰБТ: Екі аптада 79 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM - Қаңтар айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 79 мыңнан астам адам тест тапсырды. Шекті балды 70%-ға жуық талапкер жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.