Екібастұзда өткен кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылы Қазақстанда оның алдыңғы жылмен салыстырғанда көмір 8,3 пайызға артық өндірілгенін айтты. Тұрмыстық-коммуналдық мақсатта республика бойынша 12,5 млн тонна көмір түсірілген.
Бозымбаевтың айтуынша, елімізде көмір өндірісінің көлемі ұлғайып келеді. Ол сонымен қатар, қаңтардағы қатты аяздар көмір түсіру кестесіне кедергі келтіргенін жеткізді.
Алматыдағы бірқатар елді мекендер мен теміржол тұйықтарында, ШҚО, Алматы, Жамбыл облыстарында көмір тапшылығы байқалды.
«Көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті басқару органдарының құзырында», - деді Энергетика министрі.