Агенттік мәліметіне қарағанда, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,7 пайызын) құрады. Ал 2013 жылғы IV тоқсан деректері бойынша, нәтижелі жұмыспен қамтылғандар үлесі 64,5 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 35,5 пайызды құрады. «Бағалау бойынша 2014 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 472,9 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы қаңтар айының соңына 42,5 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады», - делінген баспасөз баянында.