Бұл туралы бүгін журналистерге энергоүнемдеу технологияларына арналған жапон-қазақ семинары барысында Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қуаныш Бейсенбинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соның салдарынан қаланың 60 пайыз халқы жарықсыз қалды. «Сол күні дереу қолға алынған шаралардың негізінде кешкі сағат 20.50-ге дейін электр энергиясының жеткізілімі толық қалпына келтірілді. Жылу және су жеткізілімдерінде ешқандай ақаулар болған жоқ. Қазіргі уақытта апаттық автоматиканың іске қосылуының себептері анықталуда», деді Қ. Бейсенбинов.