Қаңтардың 25-інде ГУЛАГ-тың жойылғанына 50 жыл толады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қаңтардың 25-і күні 1920-1950 жылдары арасында халық басына қара түнек орнатқан НКВД-КГБ-ның лагерлер жүйесі - ГУЛАГ-тың жойылғанына тура 50 жыл толады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығына сілтеме жасап.

Осы айтулы күнге орай қаңтардың 25-і күні Алматы қаласының тарихы мұражайында Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығы мен мұражайдың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. Оған белгілі тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысып, Сталиндік зобалаң жылдарының зардаптары туралы сөз қозғайды. Сондай-ақ мұражайда аталған тақырыпта көрме ұйымдастырылады.