Қаңтардың 27-не арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың солтүстігі, орталығы және шығысында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, еліміздің аймағында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасынмен бірге жел күшейді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с-ға дейін күшейеді.