Партонның қайтыс болғанын оның жиені әрі қауіпсіздік қызметінің басшысы Брайан Сивер сейсенбі күні әншінің ресми әлеуметтік желідегі аккаунттарында жарияланған видеода растады.
Долли Партонның шығармашылық жолында әлемге танымал «Jolene» және «I Will Always Love You» сияқты хиттер бар. Сивердің айтуынша, әнші қоштасу сөзі ретінде дәл «I Will Always Love You» сөзінің айтылғанын қалаған.
Әнші, ән авторы және актриса Долли Партон кантри музыкасының ең ықпалды тұлғаларының бірі болды. Ол ондаған жыл бойы музыка мен бұқаралық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты.
Осыған дейін АҚШ сенаторы Линдси Грэм 71 жасында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.