Қантты тұтыну миға зиянды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қантты немесе кез келген көмірсуларды тұтыну ми құрылымы мен оның жұмысына кері әсер етеді. Осы себептен сусамырмен ауыратын адамдарда ақылы кеміп, иіс сезгіштік (есте сақтауға маңызды аймақ) қасиеті азаю қаупі басым болады.

Бұл жолы Шарите Университеті медицина орталығының ғалымдары қант дені сау адамның миына әсері бар-жоғын анықтауды шешті, деп хабарлады Meddaily. Оларға 141 ерікті жинап, есте сақтау қабілетін және иіс сезу мүшесін тексеруге тестен өту ұсынылды.

Глюкозаның екі маркері (қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын) есте сақтау қабілетінің нашарлауына, иіс сезгіштігінің төмендеуіне, оның құрылымының бұзылуына (ішінара жансыздану байқалған) байланысты болып шықты. Тіпті адам сусамырмен ауырмаса, инсулиндік резистенттілік (төзімділік) болмаған жағдайда, қанттың жоғары шоғырлануы есте сақтау қабілетін нашарлатып, миға кері әсер береді екен. Енді ғалымдар қанттан мүлдем бас тартқанда, ми жағдайына қалай әсер ететіп, өмір сүру барысына қаншалықты өзгеріс әкелетінін анықтамақ.