Қанттың денсаулыққа қаупі алкоголь мен табактан кем емес

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Таяу аралықта Ұлыбританияда семіздік «індетімен» күреске бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің жаңа бағдарламасын іске қоспақ, деп хабарлады The Telegraph.

Британдық ғалымдардың пайымынша, қант алкоголь мен табак сияқты өте қауіпті. Жаңа бағдарлама британдықтарды қант мөлшері көп азық-түліктерді тұтыну көлемін азайтуға, күнделікті тұтынылатын өнім нормасын 100 калорийға төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар мамандар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын азық-түлік өнімдері құрамындағы қант мөлшерін 30 пайыз төмендетуге шақыруда. Бұған қоса, олар тәтті шырындар мен балаларға арналған тісбасар жарнамаларын тоқтатуға, ал үкіметті ұлттық сауығуына кедергі келтіріп отырғандарға айыппұл салуға шақыруда.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Ұлыбританиядағы ересек азаматтардың төрттен бірі семіздікке шалдыққан. Ахуал бұдан әрі де осылай өрби беретін болса, онда 2050 жылға қарай еркектердің 60, әйелдердің 50, ал балалардың 25 пайызы семіздік зардабын тартатын болады.